Skip Content
Доктор Элиз Лефковиц — дерматолог Head & Shoulders

ШАШ ПЕН БАС ТЕРІСІНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ

Қайызғақ — бас терісінің ең көп тараған ауруларының бірі.
Әлемдегі әрбір екінші адам өмірінде бір рет болса да, қайызғақпен ұшырасқан.

Қайызғақ үш фактордың әсерінен туындайды:
  1. Микроағзалар. Malassezia Globosa — әр адамның бас терісінде болатын микроағза.
  2. Тері майы. Зең бас терісіндегі тері майын ыдыратады да, олеин қышқылы түзіліп, теріні тітіркендіреді.
  3. Жеке сезімталдық. Шамамен адамдардың жартысында олеин қышқылына әсері қатты болады. Бас терісінің мұндай жоғары сезімталдығынан қайызғақ пайда болады.
Қайызғақтың қайтадан пайда болуына жол бермеу үшін бас терісін жайландыратын және шашыңызды нәрлендіретін формуласы жұмсақ шаш күтіміне арналған құралдарды пайдалану керек. Міне сондықтан да, біз күнделікті пайдалануға арналған Head & Shoulders сабынсуының формуласын 50 жылдан астам уақыт бойы жетілдіріп келеміз.

Негізгі күтім

Шашты мұқият тазартады, тазалық сезімі мен хош иіске бөлеп, бас терісіне күтім көрсетеді және шашты жұмсақ әрі икемді етеді.**

Ментол

Құрамында табиғи ментол бар. Бас терісіне салқындық пен жағымды шым-шым сезімін, ал шашқа айнадай тазалық пен өмірлік қуат береді.

Ең түбінен басталған көлем

Шашты көлемді әрі қайратты етеді, сонымен қатар оны икемді ете отырып, ұшталған шаштарды азайтып, қайызғақты 100%-ға дейін жояды*.

Тегіс әрі жібектей жұмсақ

Бас терісін ылғалдандыратын арнайы формула Сіздің құрғақ, зақымдалған немесе бағынбайтын шашыңызға жібектей жұмсақтық пен жарқыл береді.**

Цитрус хош иісі

Майлы шашқа арналған қайызғаққа қарсы құралдардың жемістік топтамасы бас терісін тазартады, шашқа табиғи жеңілдік береді және жұпарлық сезімін ұзаққа сыйлайды.

Шаш түсуге қарсы** ерлерге арналған

Сынғақтық себебінен шаш түсуін тиімді азайтып, шашқа табиғи сұлулығын қайтарады, сондай-ақ жуылмайтын тоникті қолданған кезде шашты түбінен бекітеді.

Қалың әрі қайратты

Шашты 2 есе қалың етіп көрсетеді,** сондай-ақ Head & Shoulders Аса қалың шаш тонигін пайдаланған кезде шаш терісін сауықтырады**

Мұхит қуаты

Құрамында теңіз минералдары бар, олар шаш пен бас терісін қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан қорғауға, оларға қуат беріп, ылғал теңгерімін қалпына келтіруге көмектеседі.

Шаш түсуге қарсы** әйелдерге арналған

ActiZinc формуласы қайызғақты тиімді кетіріп қана қоймай,* сынғақтық себебінен шаштың түсуін де азайтады. Нәзік жұпар иісі бар.

Ылғалдандырғыш күтім

Бас терісін ылғалдандыратын, құрғақтық пен қышынуға қарсы нысаналы түрде күресетін* және қайызғақпен күресуге көмектесетін жақсартылған формуласы бар құрал.

Алма жұпарлығы

Сабынсу қайызғақтан 100%-ға дейін құтылуға мүмкіндік береді,* ал көк алманың ұзақ сақталатын жұпар иісі шашқа тазалық сезімін қайтарады. Жұмсақ формуласы күнделікті пайдалануға жарамды.

Кешенді күтім

Кешенді күтім формуласында терең тазарту, Head & Shoulders ұсынатын қайызғақтан қорғау және оңтайлы күйін сақтау тиімді түрде үйлескен - бәрі де бір құтыда.

Лездік көмек

Ащы жалбыз мен шай ағашы қосылған жаңа формуланың арқасында бас терісіндегі қышыну, терінің тырысуы мен құрғақтығы секілді жағымсыз сезімдерді бірден жеңілдету енді әбден мүмкін.

Арктика мұзы

ActiZinc формуласы бар сергіткіш сабынсу бас терісінің табиғи теңгерімін қалпына келтіруге септігін тигізеді және шашыңызды жайната отырып, қайызғақты тиімді түрде жояды.

*көзге көрінетін қайызғақты, жүйелі түрде қолданғанда
** жүйелі түрде қолданғанда

Procter & Gamble Алматы қ., Фурманов к-сі 240 Г. CDC-1 ғимараты, 4 қабат тел.: +7 (727) 2952000